Алматының Алатау ауданында авариялық өшіруден кейін электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Depositphotos
Depositphotos

Оқиға орнында АЖК қызметкерлері мен Алатау ауданы әкімдігі өкілдері жұмыс істеуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы электр желілері компаниясы» АҚ хабарлауынша 2025 жылғы 13 қараша күні ЖЭО-2 нысанында 110 кВ №124А және №101А электр жеткізу желілерінде апатты ажырату жағдайы тіркелді. Соның салдарынан ПС-162А «Алғабас», ПС-169А «Ақбұлақ» және ПС-123А «АТЭЦ-2» қосалқы станциялары уақытша электр энергиясынан ажыратылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Нәтижесінде Алматы қаласының Алатау ауданындағы бірқатар тұтынушылар жарықсыз қалды. Атап айтқанда, Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі шағын аудандары мен Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөнке би көшелері бойындағы аумақтарда электр қуаты уақытша өшірілді.

Оқиға орнында апатты қалпына келтіру бригадалары, сондай-ақ «АЖК» АҚ мен Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта мамандар апаттың себебін анықтап, электр энергиясын кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында мәселе қалай шешіліп жатыр

Новости партнеров