Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Almaty.tv.

19 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол толығымен жабылмайды.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, белгіленген жылдамдық режимін және уақытша жол белгілерінің талабын сақтауды сұраймыз.

Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Халықаралық тревел-блогер Ahmed Haggagovic Алматыны жаңа қырынан таныды