Алматыда мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін сатып алу мәселесі талқыланды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін сатып алу мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала әкімінің айтуынша, Алматыны полиорталықтық дамыту аясындағы негізгі міндеттердің бірі – әр ауданды сапалы әлеуметтік, инженерлік және демалыс инфрақұрылымымен қамтамасыз етіп, тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыру.

Кеңес барысында мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін уақытылы сатып алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл инфрақұрылымдық жобаларды белгіленген мерзімде іске асырудың маңызды шарты екені атап өтілді.

Жиында жол құрылысы мен қайта жаңғырту, метроның жаңа станцияларын салу, инженерлік желілерді жүргізу, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, спорт нысандары мен қоғамдық кеңістіктерді дамытуға қажетті жер телімдері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға басым жобаларға қатысты барлық рәсімдерді белгіленген мерзімде аяқтап, жер телімдерін сатып алу жұмыстарын құрылыс кестесімен үйлестіру тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Есентай жағалауындағы гүлден жасалған тауыс көпшіліктің көзайымына айналды