Алматыда бәйшешек гүлдеді. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде гүл суреттерін бөлісе бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бәйшешек – қызғалдақ туысына жататын көп жылдық, пиязды өсімдік. Бұл гүлдің латынша атауы «галантус». Ол гректің «гала» - сүт және «антус» – гүл деген сөзінен шыққан. Яғни, қазақша сүт тамшысы деген мағына береді. Бәйшешектің аппақ қауызы шынында да, қатып қалған сүт тамшысына ұқсайды.
Бәйшешек кез келген жерде өспейді. Тек тау шатқалдарында шығады.
Көктемнің көркіне айналған бұл өсімдік құрамында «галантамин» өнімі бар. Зерттеушілердің айтуынша, бәйшешек гүлінен Альцгеймер және деменция ауруына шипа болатын дәрі жасайды.
Бұл гүл – жаңарудың, тазарудың, мереке басталуының белгісі.