Арал теңізінің су деңгейі қаншалықты көтерілді
gov.kz
Жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метр болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мамандар Арал теңізіндегі қазіргі су деңгейі 48 см-ге дейін көтерілгенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Арал - Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғановтың айтуынша, осы уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болатын.
2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ немесе 48 см-ге дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метр болды.
Былтыр жыл көлемінде Аралға 816 млн текше метр су түссе, биыл 2 айдың өзінде 803 млн текше метр жиналды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52