Алматы Индустриалды аймағында әйнек ыдыстарын өндіретін зауыт салынып жатыр. Құрылыс жұмысы 2022 жылдың күзінде аяқталады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоспарлар бойынша кәсіпорын жыл сайын 140 млн.-ға жуық әйнек бұйымдарын шығара отырып, еліміздің бюджетіне 1 млрд. теңге салық аударатын болады. Сонымен қатар шамамен 300 жұмыс орнын ашылады.
Алматы Индустриалды аймағының аумағында орналасқан жер телімінің алаңы 4 гектарды құрайды. Қазір мұнда қуат беру, газ, су жеткізу, кәріз желілерін жүргізу және жүктерді тасымалдау үшін теміржолға баратын жолға арналған коммуникация желілерін жүргізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, қазір аумақта зауыттың негізгі ғимаратының бірі салынды. Инвестицияның жалпы көлемі 2,5 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.
Бүгінгі күні, республикада Ресей Федерациясынан әйнек ыдыстарының (бөтелке, банкі және медициналық ыдыстар) шамамен 50%-ы импортталады, алайда, зауытты іске қосумен байланысты, импорттың 15-20%-ға төмендеуі мүмкін.
«Аталған зауыт қайта өңдеу өнеркәсібіне жатады. Зауыттың құрылысын салу үшін бізге энергетикалық қуаты мол және логистикасы ыңғайлы аумақ қажет болды. Индустриалды аймақта мұның бәрі бар, жасалған жағдайлары біздің көңілімізден шығады. Біз аумақ бойынша біздің әлеуетті тұтынушыларымыздың зауыттарына жақын орналасқанбыз, олар Алматыда және Алматы облысында орналасқан. Бұл алкогольді және алкогольсіз өнімдер шығаратын зауыттар, консервілеу зауыты, медициналық компаниялар және т.б. Құны мен сапасы жағынан біздің әйнек ыдыстарымыз ресейдің ұқсас өнімдеріне сәйкес келетін болады. Біздің ерекшеліктеріміздің бірі логистика болып табылады, ол сынғыш тауарларды жеткізу уақытын азайтуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады «Бағдар ЛТД» ЖШС директоры Зйнолла Исмаилов.
Келешекте компания өнімнің экспортын жақын шет елдеріне, оның ішінде Қырғызстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға экспорттау мүмкіндігін қарауда.