|
03.02.2022 | 12:15
712

Қазақстандықтардың шығыны бір жылда 15 пайызға артты

2021 жылдың үшінші тоқсанында елде жан басына шаққандағы шығыстар 206,4 мың теңгеге жетті

Қазақстандықтардың шығыны бір жылда 15 пайызға артты Фото: ашық дереккөзден


2021 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың жан басына шаққандағы шығын көлемі 206,4 мың теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15%-ға көп, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Ranking.kz мәліметінше, 2020 жылдың осы кезеңінде бір адамның шығыны жылына 179,5 мың теңге құраған болатын.

Адам басына жұмсалатын шығын Алматы тұрғындарында көп. Мұнда әр адам басына жылдық шығын 2021 жылдың үшінші тоқсаны бойынша 278,4 мың теңге болды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 9,1%-ға көп.

Шығыны ең жоғары өңірлер қатарында Қарағанды облысы және Нұр-Cұлтан бар. Қарағанды облысында жан басының шығыны 269,3 мың теңге, ал Елорда тұрғынының жылдық шығыны 252,4 мың теңге болған.

Жылдық динамика бойынша шығыстың ең көп өсімі Түркістан облысында байқалды. Өңір тұрғындарының шығыны жылына бірден 26%-ға, яғни 141,5 мың теңгеге дейін өскен.

Шығынның ең аз өсімі Атырау және Маңғыстау облыстарында байқалды. Әр облыс бойынша шығын жылына 5,7% өскен. Тиісінше өңір тұрғынының бір жылдық шығыны 167,5 мың теңгеге жетті.

шығын, қаржы

Сурет: ranking.kz

Халықтың барлық шығынының 93,3%-ы тұтыну шығындарына кетеді. Ол дегеніміз жылына шамамен 192,5 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан 15,5%-ға көп.

Оның ішінде жылына азық-түлік тауарларына кеткен шығын – 109 мың теңге, азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 51,3 мың теңге, ақылы қызметтерге – 32,2 мың теңге көлемінде болған.

Несиелер мен қарызды өтеуге кеткен шығын 9,8 мың теңге болса, туыстар, материалдық көмек пен алиментке 3,7 мың теңге, салық және басқа да төлемдерге 395 теңге кеткен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир