|
30.01.2019 | 12:03
1906

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 3600 несие берілді – Досаев

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 3600 несие берілді – Досаев Lada.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Отырыста ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев есеп берді. Атап өтсек, бүгінгі жиында өткен жыл қорытындыланып, алдағы жылға жоспарлар бекітілмек, деп хабарлайды Бақ.кз.

«Бүгінгі таңда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 43,7 млрд теңге сомасына 3600 несие берілді. Барлығы 92 млрд теңгеден астам көлемде өтінім келіп түсті. Екінші бастама – 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 мың теңгеге дейін жалақы алатын жұмыскерлерге салық салмағы 10 есе төмендеді. Бұл 2 млн-нан астам азаматымыздың табысына оң әсерін тигізеді. Үшінші бастама – өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім гранттарының саны 20 мыңға артты. Жаңа жатақханалардың құрылысына 100 жер учаскесі белгіленді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында білім беру ұйымдарымен 12 мемлекеттік тапсырыс келісімшарты бекітілді. Биыл жатақханаларда студенттерге 5 мың жаңа орын беріледі», – деді Досаев.

Ол төртінші бастаманы да атады. Ерболат Досаев 2018 жылы 595 млрд теңгеге 14 мың микрокредит берілгенін айтты. Осының нәтижесінде, 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Соңғы екі жылда «Бастау бизнес» жобасы бойынша 43 мыңнан астам адам бизнес негіздерін оқыды, олардың 11 мыңы микрокредит алып, өз істерін бастады.

«Бесінші бастама – сіз желтоқсанда «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын ресми түрде бастауға тапсырма бердіңіз. Бүгінгі таңда құрылысты қаржыландыру мәселелері шешілді, бас мердігер анықталды. Газ құбырының құрылысы кезеңінде 1900 жаңа жұмыс орны ашылады», - деді Ерболат Досаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир