Кейбір жекелеген экспорттық бағыттар бойынша бағалардың төмендеуіне қарамастан, мемлекет бюджетіне түскен салықтық түсімдер жоспары 102 пайызға орындалды. Бұл туралы мемлекеттік табыстар Комитетінде өткен коллегияда белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жоспар бойынша мемлекеттік бюджетке түскен қаражат 125,3 млрд теңгеге артығымен орындалған. Республикалық қазынаға 22,3 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттерге 103 млрд теңге түскен. Одан бөлек, акцизделетін өнімдерді тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар орын алған. 5 306 мың литр заңсыз шығарылған ішімдік пен 2 343 мың дана шылым айналымнан алынып тасталды. Одан өзге, 275 745 мың теңге соманы құрайтын 2190 тонна заңсыз мұнай өнімдері анықталған. Олар бойынша айыппұл құны 24 315 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, ведомство 2020 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90 пайызының электронды форматқа ауысатынын мәлімдеді. 9 айдың көрсеткіштері бойынша елімізде барлығы 16,5 млн қызмет көрсетілген. Оның 90,6 пайызы немесе 14,9 миллионы электронды түрде орындалған.
Салық түсімдерінің жоспары
6301,2 млрд теңге 6426,5 млрд теңге
мемлекеттік бюджет - 102,0% 125,3 млрд теңге
республикалық бюджет - 100,5% 22,3 млрд теңге
жергілікті бюджет - 106,3% 103 млрд теңге
5 306 мың литр ішімдік
2 343,4 мың дана шылым
2190 тонна мұнай өнімдері айналымнан алынып тасталды
Қызмет көрсету
9 айда 16,5 млн
90,6% немесе 14,9 млн электронды түрде жүргізілген