|
04.04.2019 | 13:02
3916

АЭС құрылысы: вице-министр қазақстандықтардың пікірі ескерілетінін айтты

Алматы облысының Үлкен ауылының маңында атом электр станциясы салынуы мүмкін

АЭС құрылысы: вице-министр қазақстандықтардың пікірі ескерілетінін айтты  Фото Спутник

Елімізде атом электр станциясы салынуы мүмкін. Қазіргі таңда билік өкілдері осы мәселені талқылауда. Сұрақ оң шешімін тапса, қуат көзі саналатын станция Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында бой көтермек. Бұл туралы Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Вице-министр әзірге уран, плутоний, ториді отын ретінде пайдаланатын алаң құрылысына қатысты нақты шешім шықпағанын айтты. Жамбыл ауданына қарасты аталмыш елдімекен Балқаш көлінің бойында орналасқанын айта кеткен жөн. Мырзағалиев барлық сұрақ пен шешімдер халық арасында талқыланатынын да тілге тиек етті.

Айта кетейік, бір күн бұрын Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде ресми кездескен еді. Келіссөздер барысында Путин ресейлік мамандар технологиясымен Нұр-Сұлтанда атом электр станциясын салуды ұсынған еді.

«Алаң Алматы облысы Үлкен ауылы болып таңдалды. Бізде АЭС құрылысы бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Біз әзірше алаңды анықтадық, біз ең қолайлы технологияны таңдаймыз. Бұл мәселе қосымша зерттеуді талап етеді. Бірақ АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ», - деді ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир