|
09.06.2020 | 13:31
7593

ТЖ кезінде 126 мың алматылықтың коммуналдық қызмет шығыны мемлекет тарапынан төленген

ТЖ кезінде коммуналдық шығындарға 15 000 тг төлем төленді

ТЖ  кезінде 126 мың алматылықтың коммуналдық қызмет шығыны мемлекет тарапынан төленген Фото из открытых источников

Төтенше жағдай кезінде 126 мың алматылықтың коммуналдық қызмет шығыны мемлекет тарапынан төленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл, бірінші кезекте, 1-нші, 2-нші, 3-нші топтағы мүгедектер, екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер және жалғыз басты зейнеткерлер, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға қарастырылған еді. Осы күні 430 миллион теңге сомасында төлемдер жүргізілген.  Сондай-ақ, төтенше жағдай уақытында жеңістің 75 жылдығына  орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектер  және басқа санаттағылар назардан тыс қалмады. Оларға бір реттік төлем берілді. Бұл мақсатқа 1 миллиард 3 миллион теңге қарастырылған еді. 18 мың 269 алматылық әлеуметтік қолдауға ие болды. 202 екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар 1 миллион теңгеден алды. Ал, 3 мың 954 соғысқа қатысушыларға және мүгедектерге жеңілдіктер мен кепілдіктеріне тең адамдар 395 миллион теңге берілді. Одан бөлек, Алматы әкімдігі халықты нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету шараларын күшейтті. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында жыл басынан бері барлығы 17 400 адам жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 13900-і тұрақты жұмысқа тұрды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған, уақытша жұмыс орындарына 3,5 мыңға тарта адам орналасты, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 718 адам; жастар практикасы бойынша – 156; қоғамдық қызметке 2 571 адам тұрған.  

Графика - 1

ТЖ кезінде коммуналдық шығындарға 15 000 тг төлем төленді

126 000 ТҰРҒЫН

1-3 топтағы мүгедектер,

ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар,

мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар,

көп балалы отбасылар,

ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер және жалғыз басты зейнеткерлер,

мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары,

АӘК алатын азаматтар.

Графика - 2

–  Жеңістің 75 жылдығына  орай ұос  қатысушылар мен мүгедектерге берілетін  бір реттік төлем

– Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 1 млн. теңге (202 адамға 202 млн. теңге);

– 100 мың теңгеден Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерге жеңілдіктер мен кепілдіктеріне тең адамдар (3 954 адамға 395 млн.теңге);

–  Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің қайта  тұрмыс құрмаған жесірлеріне 100 мың теңгеден (4 адамға 0,4 млн.теңге);

– Ауғанстандағы соғыс кезінде алған жарақаттар,  сырқаттанып  қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайларына 100 мың теңгеден (32 адамға 3,2 млн.теңге);

– тыл еңбеккерлеріне  (Ұлы Отан соғыс жылдарында тылда жұмыс істеген), оның ішінде КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталған, сонымен қатар марапатталмаған адамдарға 50 мың теңгеден (14 104 адамға 705 млн. теңге) берілді.

ГРАФИКА - 3

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы

17 400 адам жұмысқа орналастырылды

13 900 тұрақты жұмысқа орналастырылды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы:

–  5 900 адам жұмыспен қамтылды;

– 3 400 адам уақытша жұмысқа тұрды;  

– әлеуметтік жұмыс орындарына - 718 адам;

– жастар практикасы бойынша - 156 адам;

– қоғамдық қызметке  - 2 571 адам.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир