|
29.11.2023 | 14:36
650

Қазақстан қанша тонна астық экспорттайды

Ауыл шаруашылығы вице-министрі астық экспортына қатысты түсінік берді

Қазақстан қанша тонна астық экспорттайды Сурет: elements.envato.com

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов астық экспортына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін Сенат комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін тілшілер вице-министрден биыл жиналған астықтың қай бөлігі экспортқа шығарылатынын сұрады.

 - Биыл 15,5 млн тонна астық жиналуы мүмкін екенін айтқан едік. Қазір әкімдіктердің мәліметі бойынша 16,5 млн тонна қамбаға түсті. Сондықтан осы астық көлемін ескере отырып, экспортқа 6 млн тонна шамасында өнім шығаруға мүмкіндік болады, – деді Азат Сұлтанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қазан айының соңындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 16 млн тоннаға жуық астық бастырылды.

 - Жуырда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл жиналған астық көлемі біршама аз болғандықтан, экспортқа шығарылатын астық көлемі азаятынын айтқан еді. «Яғни 5 млн тоннадан артық болмайды деп ойлаймыз, – деген еді ведомство басшысы.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында жоғалған мал табылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир