Электр қуатының бағасы 2021 жылғы деңгейде сақталады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Электр қуатының бағасы 2021 жылғы деңгейде сақталады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министр БАҚ өкілінің сұрағына жауап бере келіп, бағаны реттейтін нақты тетіктерді қолданысқа енгізу үшін Президент шешімімен 180 күн белгіленгенін еске салды. «Жоспар бойынша, жеткен шешіміміз бойынша 2022 жылы электр қуатының бағасы 2021 жылғы деңгейде сақталады. Оған қосымша жаңа тәртіп пен әдістер әзірленіп жатыр. Бұл – электр қуатымен толықтай жабыдқтау және ұлттық электр жүйесінің тұрақтылығын сақтау. Бұл екеуі – ең маңызды мәселе», - деді Болат Ақшолақов. 

Оның сөзіне қарағанда, майнинг фермалар цифрлық өндірісі де салада тапшылық туғызып отыр. Олармен күрес елдегі электр қуатын аккумуляцияланатын генерацияның көлемін ұлғайту шараларымен қатару жүруі керек. 

«Әрине, майнерлер, басқа да заңсыз қосылушылар салаға әсер етіп, тапшылық туғызып жатыр. Олардың жолын кесу үшін қосымша жұмыс жүргіземіз. Бірақ дефицит болмас үшін ең бірінші генерацияны көбейтуіміз керек. Екіншіден, электр жүйелерінің сапасын көтеруіміз керек. Сол жұмыстың бәрін біз берілген 180 күннің ішінде әзірлеп, іске қосамыз. Баға жағынан айтсақ, биыл электр қуатының ақысын 2021 жылдың деңгейінде сақтауға тырысамыз», - деді министр.


Новости партнеров