|
26.12.2023 | 19:31
3417

Келер жылы инфляция күнкөріске қалай әсер етеді

Еліміздің экспорттық әлеуеті айтарлықтай артып келеді

Келер жылы инфляция күнкөріске қалай әсер етеді Almaty.tv

Еліміздің экспорттық әлеуеті айтарлықтай артып келеді. Сырт мемлекеттерге биыл 65 миллиард долларға өнім сатылған. Бұл туралы Экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Ал сарапшылар «еліміз шикізатқа сүйенген соң, тұрақсыздық басым» дейді. Өйткені мұнайды сыртқа тасымалдау қымбатқа түсіп жатыр екен. Қара алтынның бағасы әлемдік нарықта төмендегені тағы бар. Бұл бізге тиімді ме? Ал ОПЕК ұйымынан бірқатар мемлекеттердің шығуы қандай жағдайға алып келуі мүмкін? Осы және өзге де сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы экономист Мақсат Сералы жауап береді.

– Мақсат мырза, мұнай бағасы төмендеп жатыр. Келер жылға болжамыңыз қандай?

– Өздеріңіз білесіздер, осы жақында ОПЕК мемлекеттері ұйымының жиналысы өтті. Соло жиналыс қазіргі таңда оңтайлы өтті деп айтуға болмайды. Өйткені бірқатар мәселелер туындады. Бұл жерде Ангола мемлекетінің ОПЕК-тен шығу жөніндегі ұсынысы және де болып жатқан келісімшарттардың мұнайдың көлемін қысқарту мәселелері бірқатар мемлекеттердің ызасына тиді деп айтсақ та болады. Кез келген мемлекет алдағы уақытта мұнайдың экспортына көңіл бөліп отыр. Енді ОПЕК-тің жиналысынан кейін байқауға болады, әдетте жыл сайын мұнайдың бағасының өсуі байқалады. Ал бұл кездесуден кейін мұнайдың бағасы керісінше, түсті. Жалпы есеппен алғанда биылғы мұнайдың бағасы 80-95 доллар төңірегінде қалып отыр.  

– Бұл жағдай мұнайдың бағасына ықпал етіп отыр. Оның салдары қандай болмақ?

– Болашақта мұнай бағасының өзгеруі бірқатар мәселеге тікелей байланысты. БАӘ мен Ресейдің келісімшарты мұнай көлемін жақсартуға байланысты болмақ. Екінші мәселе – Газа секторында болып жатқан жағдай. Егер де бұл қақтығысқа Иран мемлекеті немесе БАӘ қосылып кететін болса, онда мұнай тапшылығы туындайды. Бұл жерде Ормұз бұғазына санкция салынып, шектеулер қойылуы мүмкін. Егер де мұндай жағдай болатын болса, мұнай дефицит болады, оның бағасы көтерілуі мүмкін.

– Инфляция биыл төмендеп, экономикада оң өзгерістер байқалды. Келер жылы инфляция күнкөріске қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

– Инфляцияның төмендеуі айқын түрде көрініп жатыр. Өткен жылмен салыстырған кезде экономикадағы ең жоғарғы көрсеткіш, ішкі өнімнің өсуі қатты байқалады. Келесі жылы да оңтайлы экономикалық жағдай қалыптасады. Не үшін? Өйткені Үкіметтің де, мемлекеттің де көздеген мақсаты – экономиканы тұрақтандыру және экономикалық көрсеткіштерді өсіру. Бұдан бөлек, бірқатар бағдарламалар қабылданып жатыр. Сол бағдарламалардың аясында инфляцияны келесі жылы да тоқтату және де халықтың орташа табыс деңгейін өсіру мәселелері қарастырылады.

Оқи отырыңыз: Транспорт және логистика саласындағы жетістіктер қандай

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир