Алматыда «Дүниежүзілік сапа» күніне орай форум өтті

Алматыда «Дүниежүзілік сапа» күніне орай форум өтті
Бүгін әлемде «Дүниежүзілік сапа» күні аталып өтуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осыған орай тауар сапасын арттыру және отандық тауарларды әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ету мәселелері Алматыда өткен халықаралық форумда талқыланды. Шетелдік және отандық сарапшылар кәсіпкерлермен кездесіп, сапалы өндіріс тәжірибесімен және оны жақсарту әдістерімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Тәжірибені талқылау нәтижиесінде біз Қазақстанға «жаман емес» деген баға бере аламыз Тауарлардың сапасы жағынан ең төменгі орында емеспіз өйткені. Өнімдерді шығаратын айтарлықтай түрлі ресурстарымыз жетерлік, сондықтан біздің ел бұл жағынан орташа деңгейдеміз. Тек, одан да жақсы мотивация керек болып тұр. Сатылымға өнімдерді дайындаған уақытта оны көпшілік жоғары дәрежеде бағалайды деп күтуге болмайды», – деді ҚР Техникалық метрология және реттеу комитетінің төрағасы Арман ШАҚҚАЛИЕВ.

Сондай-ақ, форум барысында ұйымдастырушылар еліміздің сапа саласындағы стратегиялық басымдықтарын көрсететін және халықтың өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігін дәлелдейтін «Сапалы Қазақстан» тұжырымдамасының жобасын таныстырды. Елімізде өндірілетін өнімдердің халыққа қолжетімді болуы және осы сапалы өнімдерді талапқа сай экспорттау мәселелесі де басты назарда болды. Елімізден шығатын әрбір өнім үшін өзге елдердің талаптары бар екендігі де баса айтылды.  

«Көптеген адамдар сапалы өнімдерді сатып алуды жөн көреді. Бірақ сапалы өнімнің бағасы қымбат болады. Ал, осыған байланысты бізге не істеу керек? Тауарлар көптеген санаттағы тұтынушылардың мүдделерін ескере отырып, өндірілуі қажет. Біріншіден, әлемдік тәжірибеге тереңінен зерттеу жасалады, содан кейін қазақстандық экономика үшін сапа саласындағы басымдықтарды айқындау міндеті туындайды. Әрі қарай, осы жұмыстарды іске асырып, жақсы нәтижие күтіледі», – деді Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымдарының президенті Азат ӘБДІРАХМАНОВ.

Форумға қатысушылар бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу үшін сапаның маңызды рөлін атап өтіп, экономикалық дамудың жоғары деңгейіне жеткен мемлекеттердің үздік тәжірибесін қарастырды. Форумға арнайы келген бұл мамандар нарықта әр елдің тауарды техникалық реттеу ерекшеліктері мен қыр-сырларын кәсіпкерлерге атап көрсетті.

Аяулым Көлжігіт, Нұржан Оразбеков, «Алматы» телеарнасы.

Новости партнеров