|
12.11.2020 | 15:55
918

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгеруі мүмкін

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгеруі мүмкін inform.kz

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейтін заң жобасы бойынша сенаторлар алдында жасаған баяндамасында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжатта салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады. Сондай-ақ, салық элементтерін өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылады. Яғни, екі салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау қарастырылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир