Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі зейнетақы өседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оның айтуынша, "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы заңға өзгертулер енгізілді. Енді 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап:
айлық есептік көрсеткіш - 2 778 теңге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 2 651 теңге еді);
ең төменгі зейнетақы - 40 441 теңге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 38 636 теңге еді);
күнкөріс деңгейі - 32 668 теңге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 31 183 теңге еді);
базалы зейнетақының ең төменгі мөлшері- 17 641 теңге (2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 16 839 теңге еді);
ең төмен жалақы - 42 500 теңге.
Мұның алдында Нарматов индекстелген зейнетақы мен жәрдемақының қазақстандықтарға қашан берілетінін айтқан еді.