Алматыда коронавирустан айыққан екі науқас үй карантиніне шығарылды

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото
Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінгі күні 8 сәуірде Қалалық жұқпалы аурулар стационарында ем алған тағы екі пациент үй карантиніне  шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл 1989 жылы туған ер адам және 1990 жылы туған әйел. Олар бұған дейін анықталған пациентпен байланыста болған, екеуі де 13 наурызда Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген» - деді ол.

Ер адамның ауруы жеңіл өтіп кетті, ал әйел адамның жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды, сондай-ақ «Оң жақты үстіңгі аймақты бронх демікпесі» диагнозы қойылды.

«Бүгінде екеуі де өзін жақсы сезініп, 14 күндік үй карантиніне шығарылды», - деп Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қосымша хабарлады.

Осылайша, қазіргі уақытта мегаполис бойынша коронавирус инфекциясынан сауығып шыққан адамдар саны 23 адамды құрайды.

709 адамға жетті: Ақмола облысында коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмды

Новости партнеров