Жоғары технологиялық жабдық отандық кәсіпкерлерге жон етінің мәрмәрлігін нақ анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан ірі Халықаралық агротехникалық саммитте айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Скринингтің заманауи әдісінің енгізілуі әлемдік нарықта жергілікті компаниялардың бәсекелестігін арттырмақ. Бүгін елімізде өндірілетін ет өнімдерінің сорты бүкіл Еуразиялық континенттегі сапа рейтингісінде алдыңғы қатарларда.
«Біздің асыл тұқымды репродуктор әркез бірінші орында. Олардың ең мықтысын анықтайтын арнайы байқаулар болады. Сондай кезде бір әрдайым алдыңғы орындардан көрінеміз», – деді кәсіпкер Ернұр АЙДАРКИН.
Ауқымды ауылшаруашылығы көрмесіне 32 мемлекеттен 460-қа жуық компания өкілдері келді. АҚШ, Еуропа, Азия және ТМД елдерінің өнім өндірушілері азық-түлік саласындағы жаңа тауарлары мен жабдықтарын таныстырды. Бүгінде осы салада дүниежүзінде қолданылатын озық технологиялар отандық нарыққа да еніп, сәтті іске асып келеді.