Еліміздегі май өнімдерінің экспорттағы үлесі қанша

Еліміздегі май өнімдерінің экспорттағы үлесі қанша
Конференцияға қатысуға 100-ден астам адам өтініш білдірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде май және май өнімдерінің жалпы экспорт үлесі 90 пайызды құрайды. Сатып алушы мемлекеттердің көшін Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдері бастап тұр. Бас аяғы 20 мемлекетке ел өнімі импортталады. Бұл туралы бүгін халықаралық конференция аясында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Май зауыттарының басшылары бас қосқан іс-шараны Қазақстанның майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы ұйымдастырған. Олардың қатарында 36 өндіріс орны бар.

– Біздің елде тұтынушылар жыл сайын 180 мың тонна майды қажет етеді. Бұл – бір жылдық статистика. Оның ішінде 70 пайызын біздің зауыттар өңдеп, өндіріп, тұтынуға ішкі нарыққа жібереді, ал 30 пайызын біз Ресей Федерациясынан импорттаймыз. Себебі шекараға жақын елдімекендерге сол тиімді, – деді  Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы өкілі Ядыкар Ибрагимов.

Конференцияға қатысуға 100-ден астам адам өтініш білдірген. Жиын барысында олар өзекті мәселелерді талқылап, шешімін табуға талпынды.

– Бірінші логистика, жүк тасымалдау жағы көп қиынға соғып отыр. Бүгінгі таңда Қытай, Өзбекстанға және Сарыағаш өткеліне өту қиын болып отыр, – деді Май өндіретін зауыт басшысының орынбасары Мақсат Саматұлы.

– Біздегі басты мәселенің бірі – шикізаттың аздығы. Өз кезегінде бұл проблема экономикаға кері әсерін тигізеді.  Бүгінгі іс-шараға да осы түйткілді айтып, шешімін іздеп келдік, – деді Май өндіретін зауыт басшысының технология және өндіріс бойынша орынбасары Наталья Солохина.

Новости партнеров