Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыру керек. Бүгін Үкімет отырысында Асқар Мамин аймақ басшыларына осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар, ол тізбелер мен субсидиялар нормаларын бекіту жұмысын бір апта ішінде аяқтауды жүктеді. Бұл мәселенің созылуы фермерлердің алдағы жұмысына әсер ететінін атап өтті.
«Энергетика министрлігіне бекітілген кесте мен бағалар бойынша егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының қажетті көлемін жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Үшінші, Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, егіс алаңдарына жүргізіліп жатқан әртараптандыру аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға ерекше назар аударсын», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.
Айта кетейік көктемгі егістік науқаны Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстарында басталып кетті. Жалпы биыл еліміз бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 22,8 млн гектар жерге егіледі деп жоспарланған.