"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторына қойылатын талаптар белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты. Министрдің мәліметінше, инвестордан талап етілетіні - өнеркәсіптік қауіпсіздік. Осы бағытқа қаражат құю керек. Екіншісі - өндірісті кеңейту. Қуаттылықты бұрынғы жылдары жұмыс істеген деңгейге жеткізу қажет екенін Қанат Шарлапаев айтты.
– Біз қазір "Қауіпсіздікке инвестиция салуға" мұқтажбыз. Бүгінде АрселорМиттал 3,2 миллион тонна болат өндіреді, 4,5-4,8 миллион тонна болатты жеткізу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда біріншісі – өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуды талап етеміз. Оның көлемін жақын мерзімде 3 миллиард долларға жуық деп есептейміз. Ал бірінші кезекте өндірісті ұлғайту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту үшін миллиард долларға жуық қаражат қажет болады, - деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Оқи отырыңыз: Қостанайда XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады