Қазақстанда тауарлық газ қымбаттайды

Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Құжат 15 мамырдан кешіктірілмей бекітіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Энергетика министрлігі елдің ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын дайындады, оған сәйкес, шекті көтерме бағалар орта есеппен 15% өседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлық газдың орташа бөлшек сауда бағасы - 22,06 теңге/текше метр. Тауарлық газға тұрғындарға арналған шекті көтерме бағалар 15%-ға өскен кезде Қазақстандағы бөлшек сауда бағалар өңірге байланысты 1,1-ден 3,87 теңге/текше метрге дейін (ҚҚС-ты есептемегенде) өседі, орташа өсім шамамен 2,7 теңге/текше метр болады (ҚҚС есептемегенде).

Тауарлық газға шекті көтерме бағалардың өсуі тауарлық газды жеткізу құнының өсуіне, тауарлық газ өндірісінің 2019 жылы 33,1 млрд текше метрден 2022 жылы 27,8 млрд текше метрге дейін төмендеуіне және ішкі нарықта тауарлық газды тұтынудың 2019 жылы 15 млрд текше метрден 2022 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 млрд текше метрге дейін өсуіне байланысты.

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасының өңірлерін газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жылдарға бөле отырып, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алған  кезеңге ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеуді көздейді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шекті көтерме бағалардың өсуі бір күнтізбелік жыл ішінде 15%-дан аспауға тиіс.

Құжат "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес 15 мамырдан кешіктірілмей бекітіледі.

Новости партнеров