Бұл туралы бүгін «Almaty invest» форумында айтылды. Шетелдік іскерлердің айтуынша, алып шаһарда инвестиция қажет ететін жобалар көп-ақ. Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан бойынша басшысының сөзінше креативті секторға қаражат салған кәсіпкердің ұтылмайтынын алға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қазақстанда әрине, шикізат секторында жұмыс істеген жақсы. Әйтсе де, инвесторлар логистика, жаңа энергетика, жасыл сала сынды секторларға қызығушылық білдіруде. Жаңа салаларды бірігіп дамыту жобасы өте қызық жүргізілетініне сенімдімін. Бұл дегеніміз – венчурлық компаниялар, креативті салалар, IT технология», – деді ЕҚДБ Қазақстан бойынша директоры Агрис ПРЕЙМАНИС.
Сондай-ақ, қала мәдениеті пен туризмін дамыту үшін Алматыдағы АҚШ елшілігін жергілікті билік қолдауға әзір. Қазіргі таңда екі жоба жүзеге асырылып жатыр екен.
«Алматы – біз үшін үлкен потенциалы бар өңірлік хаб. Мұнда туристік саланы дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Осы ретте, әрекет етуге әзірміз. Жүзеге асырып жатқан жобалар ішінде Орталық Азиядағы «48 сағатта түсіру» қысқаметражды фильмі бар. Біз бұл жобаны Алматыда 4 рет өткіздік, келесі жылы да жалғастырамыз деп ойлаймыз», – деді АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Эрик МАЙЕР.