Алматылықтар бюджетті неге жұмсау керектігін өздері шешеді

Алматылықтар бюджетті неге жұмсау керектігін өздері шешеді
Бір жобаның ең жоғарғы құны 100 млн теңгеден аспауы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді Алматылықтар қала бюджетіндегі қаражатты қажеттіліктеріне қарай жұмсайды. Өйткені, бүгіннен бастап «Бюджетке қатысу» атты пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның аясында халықтың пікірі ескеріліп, қаржы тиісті мәселелерді шешуге бағытталады дейді жоба авторлары. Қазір өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр. Ол 1 қыркүйек күні тоқтатылады. Кейін жобалар іріктеліп, комиссияның талқылауына түседі. Ал, қыркүйектің  20-сы мен  29-ы аралығында  тұрғындар арасында дауыс беру өтеді.  Жеңімпаз атанған ұсыныс жүзеге асады. Жоба аясында әр ауданға орта есеппен жарты миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Яғни сегіз ауданға 4 миллиард теңге қаражат жұмсалады. Бұл ашықтықтың түрі Лондон, Рим, Берлин, Париж және Мәскеуде енгізілген.

«Осы жоба өзін жақсы көрсетсе, егер шынымен де қалалық тұрғындар өздерінің ұсыныстарын жақсы көрсетіп, ЭЦП арқылы даусыңызды берсеңіз, біз нақтылауды қарастырамыз. 2021 жылы қаражатты қалай бөлетініміз соған байланысты», – деді Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Жанар ЖАЗЫЛТАЕВА.

«Ұсыныс тастау тәртібі оңай. Ол үшін «Оупен Алматы» порталына кіру қажет. Онда арнайы бөлім бар. Қазір ұсыныс тастау ашық, яғни кез келген ойында жобасы бар қала тұрғыны сайтқа кіріп, ойын айта алады. Әр ұсынысқа қарай қойылатын талап бар. Жеке тұлға бір рет өтініш бере алады. Жоба бәріне ортақ болуы керек. Коммерциялық және тек жеке басқа қатысты мәселелер қарастырылмайды. Яғни, ұсынылған жоба көптің мәселесін шешуі тиіс», – деді «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олег СЕК.

Новости партнеров