|
10.11.2020 | 23:03
870

Мұнайлы елдердің экономикасы құлдырайды – сарапшы

Джозеф Байденнің билігі елге және әлем экономикасына қандай жаңашылдық мен өзгерістер әкеледі?

Мұнайлы елдердің экономикасы құлдырайды – сарапшы көрнекі сурет

АҚШ Конгрессі коронавирусқа қарамастан президент инауграциясын толыққанды салтанатты түрде 20 қаңтарда ұйымдастыруды жоспарлап жатыр. Бұл туралы америкалық сенатор Рой Блант мәлімдеген еді. Жалпы билік басына келетін жаңа президент Джозеф Байденнің билігі елге және әлем экономикасына қандай жаңашылдық мен өзгерістер әкеледі? Осы тақырып төңірегінде сарапшы, экономист Мақсат Халықпен Almaty.tv тікелей эфиріне байланысқа шығып, пікірін білсек.

– Кеш жарық Мақсат мырза! Джозеф Байден Президенттік сайлауда жеңді. Енді  бұл жағдай ел және әлем экономикасына қалай әсер етеді деп ойлайсыз? Осы ретте доллар бағамы қалай болады?

– Кеш жарық, Сая! Расымен де Байден президенттікке келуіне байланысты көп өзгерістер күтіледі. Ол өзіндік саясатымен, көзқарасымен келеді дегендей. Осы жерде нақты айтатын жағдай ол –  бірінші кезекте ол қор нарығына әсерін тигізеді. Өйткені қор нарықтары алдындағы президентке Трампқа әбден үйренген болатын. Қазіргі таңда енді жаңа преиденттің келуіне байланысты көптеген инвесторлары үшін кішкене стресс жағдай туғызады. Инвесторлар әліптің артын бағып, бірден қаржыны қайда салу керектігіне ойланатын болады. Бұл, әрине, белгілі бір дәрежеде қор нарықтарының индекстерінің түсуіне ықпалын тигізсе, жалпы дамушы елдердің валютасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы жағынан келген кезімізде алдағы уақытта теңгеміздің долларға деген бағамы біресе түсіп, біресе құбылып, біресе күшейіп тұратын тенденцияны біз байқайтын боламыз. Алғашқы уақытта мұнайға деген баға өсуі мүмкін. Бірақ ұзақ мерзімде мұнай дәуірінің аяқталуына байланысты мұнайдың бағасы тек қана құлдырайтын болады. Әрине, нақты айтатын болсақ, мұнайлы елдердің экономикасын дағдарыс күтіп тұр деп айтуға толық негіз бар.

– Мұнайлы ел дедіңіз ғой, осы салаға қандай өзгерістер әкеледі деп болжауға болады?

– Өте орынды сұрақ. Қазір қарайтын болсақ кеше ғана мұнайдың бағасының 9 пайызға өскенін байқадық. Бұған әрине негізгі себеп ретінде Фрейзер компаниясының жаңадан ойлап тапқан вакцинасының нәтижелі болғаны әсерін тигізіп отыр. Әрине, көп сарапшылар жақсы үрдіс, тенденция мұнайлы елдер үшін жақсы болды деген сияқты айтып жатыр. Бірақ әлі ерте олай айтуға. Өйткені бірден айту керек, геосаяси жағдайлардың бәріне қарап үңілген дұрыс. Белоруссиядағы саяси тұрақсыздық, Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыстар сияқты геосаяси жағдайларда бұл мұнайдың бағасына кері әсерін тигізіп кетуі мүмкін және де ол Ресей рублінің құнсыздануына әкелуі мүмкін. Осы жағдайда біз теңгерімдік саясатты ұстаймыз деп теңгемізді де құнсыздандыруымыз мүмкін,, яғни бәрін бірден кесіп айту қиын. Алдағы уақытта көптеген әлемдік саяси макроэкономикалық факторларға тәуелді жағдайлар көп болады.

– Бізге уақытыңызды арнап, ой-пікіріңізді бөліскеніңізге рахмет!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир