Бұл жеңілдетілген газ бағасы тетіктерін енгізудің арқасында мүмкін болды
Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту аясында табақ шыны импортының орнын басу үлесі 50,2%-ға дейін өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында кәсіпорын өкілі Ғалымжан Куатов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv UKIMET-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мұндай нәтижеге жеңілдетілген газ бағасын енгізу және инженерлік инфрақұрылымды дамыту арқылы қол жеткізілген. Кәсіпорын жылдық 197,1 мың тонна өндірістік қуатқа шықты. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 42 млрд теңгені құрады. Өндірісте 347 адам жұмыспен қамтылған, оның 292-сі – жергілікті тұрғындар. Отандық кварц құмын пайдалану және жүйелі қолдаудың арқасында зауыт жыл сайын өнім көлемін арттырып келеді.
Қазіргі уақытта кәсіпорын ішкі сұраныстың 70%-ын қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімнің 30%-ын ТМД елдеріне, сондай-ақ Польша, Эстония, Латвия және Швейцария нарықтарына экспорттауда.
Бізге мамандарды тарту мәселелерін шешуді және газ құнын төмендетуді қоса алғанда, тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін елеулі көмек көрсетілді. Бұл соңғы үш жылда шамамен 500 мың тонна шыны өндіруге мүмкіндік берді, бұл ретте көрсеткіш 12,9%-ға, 2023 жылғы 155 мың тоннадан 2025 жылы 175 мың тоннаға дейін өсті. Нәтижесінде 2025 жылы экспорт көлемі 95 мың тоннаға жетті, бұл 2023 жылғы деңгейден 30,5%-ға жоғары, — деді Ғалымжан Қуатов.
Оқи отырыңыз: АЗМК еңбек ұжымымен кездесу: жаңа Конституцияның мәні түсіндірілді