Егіс науқанына дайындық: фермерлер үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің назарын көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының шекті жеңілдікті бағасын уақтылы бекіту қажеттігіне аударды, - деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін шекті баға нарықтық бағадан 15%-ға төмен бекітілгенін баяндады.
Ведомствоның мәліметінше, биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егін егу науқанына берген электрондық өтінімдері негізінде 402 мың тонна мөлшерінде жеңілдікті дизель отынының көлемі дайыналды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда көктемгі егіске 402 мың тонна жеңілдетілген дизель бөлінді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
24.09.2026 08:45
23 қыркүйекке арналған валюта бағамы
23.09.2026 07:40
25 қыркүйекте Көктөбе келушілер үшін уақытша жабылады
23.09.2026 11:25