Президент: Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім соңғы он жылда 2,5 есе өсті

Almaty.tv
Almaty.tv

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім соңғы он жылда 2,5 есе өскенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Диқандарымыз екі жыл қатарынан рекордтық деңгейде мол астық жинап, қамбаны толтырды. Мемлекет шаруаларға қаржылық қолдау көрсетудің оңтайлы жолдарын ұсынып жатыр. Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін диқандарға жеңілдікпен несие берілетін болды. Биыл осы мақсатқа 1 триллион теңге қаржы бөлінді. Бұл – осыдан бес жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 10 есе артық көрсеткіш. Дегенмен Үкімет ауыл шаруашылығының тиімділігі бойынша белсенді түрде жұмыс істеуі керек, қомақты қаражатты субсидия ретінде беру ең жақсы тәсіл деп айтуға болмайды. Осы аймақтағы көрші елдерде мұндай көмекті ешкім бермейді. Тегін деген ұғым мүлдем жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Алматының жаңа Бас жоспарында бес полиорталықтың көлік байланысы күшейтілді

 

 

Новости партнеров