Алматыда жыл басынан бері 4 мыңға жуық адам бірыңғай жиынтық төлемге ақша аударған

Алматыда жыл басынан бері 4 мыңға жуық адам бірыңғай жиынтық төлемге ақша аударған
Бұл – 1 қаңтардан бастап енгізілген жаңашылдық
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бірыңғай жиынтық төлемге 4 мыңға жуық адам өз еркімен қаражат аударған. Бұл елімізде 1 қаңтардан бастап енгізілген жаңашылдық деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы болжам бөлімінің басшысы Алтынай Аязбайқызы телеарна тілшісіне арнайы сұхбат беріп, жаңа төлем жайында толыққанды айтып берді.

- Жалпы бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не? Оны кімдер төлеген дұрыс?

- Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ, кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді. Табыс табу мақсатында кәсібін жүргізіп отырған жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбай, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе олардың жұмысын атқаратын және де жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жинақтық төлемді төлеушілер болып танылады. Мысал келтіретін болсақ, тігіншілер, бала күтушілері, құрылыс жұмысын атқарушылары, жүргізушілер және де тағы да басқа жеке тұлғалар осы бірыңғай жинақтық төлем төлеушілердің қатарына кіреді.

- Бірыңғай жинақтық төлем қандай мүмкіндіктер береді? Ол не үшін қажет?

- Бұл бірыңғай жинақтық төлем төлеушілердің мүмкіндіктері біріншіден міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады және медициналық ұйым таңдау құқына ие болады. Зейнет жасына жеткен кезде ол еңбек өтіліне сәйкес есептеледі. Үшіншіден, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысады және еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айрылу жағдайында жүктілік және босану, жаңа туылған нәрестені асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алуға құқылы болады.

- Сонда бірыңғай жинақтық төлемге қанша ақша төлеу қажет? Ол қалай есептеледі? Қаражатты қайда төлейді?

- Бірыңғай жиынтық төлемдер республикалық және облыстық маңызы бар тұрғындар үшін бір айлық есептік көрсеткіш, яғни биыл 1 АЕК 2525 теңгені құрайды. Ал басқа елдімекендердің тұрғындары үшін айлық есептік көрсеткіштің жартысын құрайды. Ол ағымдағы жылға – 1263 теңге. Бірыңғай жиынтық төлемін төлеу үшін тұрғылықты жерінде тіркелуіне байланысты төлемдер жүргізіледі. Бірыңғай жиынтық төлемді екінші дәрежелі банктер арқылы ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын төлеуге болады. Бірақ төлеген төлемнің қай айда төленгені міндетті түрде көрсетілуі қажет.

- Уақыт тауып сұхбаттасқаныңызға рахмет.

Новости партнеров