Мемлекет 116 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтасыз етіп жатыр (СҰХБАТ)

Мемлекет 116 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтасыз етіп жатыр (СҰХБАТ)
«СК-Фармация» компаниясы британдықтармен соттасқалы жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізге шетелден дәрі-дәрмек жеткізетін «СК-Фармация» компаниясы британдықтармен соттасқалы жатыр. Себебі, ағылшын компаниясы адамның иммун тапшылығына қарсы «Долутегравир» атты препараттың бір қорапшасын бастапқы бағасы 118 АҚШ долларынан 25 есе арзан, 5 доллардан сатамыз деп, бірақ кейін сөздерінен тайып шыға келген деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Соның салдарынан төрт мың адамға сатып алынуы тиіс препарат тек жеті жүз адамға ғана жетті. Ал, Қазақстанда бұл дертке шалдыққандар саны – 16 мың.

Дәл қазір осындай дағдарысқа тап болған «СК-Фармация» сотта жеңе ме? Тұрғындарда басқа қандай дәрі-дәрмекке деген тапшылық байқалады? Осындай сұрақтарды біз компания төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріпке қойған болатынбыз.

– Қазақстан қай елдерден дәрі сатып алады және қандай препараттарға тәуелдіміз?

– Бүгінгі таңда жалпы қолданыстағы дәрі-дәрмектің 30 пайыздайы өз елімізде өндіріледі. Бізде ірі 18 фармацевтикалық ұйым бар. Олар 500-ге жуық дәріні өндіріп, жеткізеді. Қалған дәріні Германия, АҚШ және Үндістанның нарығынан аламыз.

– Иммун тапшылығына қарсы «Долтегравир» деген дәрінің тапшылығы барын естіген едік. Сол препаратты шығаратын компания оны бізге арзан бағада сатудан бас тартыпты. Оның себебі неде? Жалпы, елде қанда препараттар жетіспейді?

– 2018 жылдың басында елімізде дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі қатты байқалды. Бірақ 2019 жылдың басына қарай тапшылықты жою үшін 13 миллиардқа жуық дәрі қорын сақтап, өңірлерге жеткіздік. Бүгінге дейін еліміздің дәріханаларына 34 млрд теңгенің дәрілерін тараттық.

Ал, әлі де болса жетіспейтін бірен-саран дәрінің ішінде осы «Долтегравир» бар. Ол жаңадан шыққан дәрі. Өкінішке қарай, патентпен қорғалған «Долтегравир» препараты «ГласкоСмитКлайн» компаниясының құзырында. Олар 118 долларға жеткізіп беруге келісті. Дәрінің толық иесі болған соң, біз солармен келісім шартқа отырған болатынбыз. Бірақ, кейін БҰҰ даму бағдарламасы осы дәрінің көшірмесін 5 доллларға жеткізуге мүмкіншілік бар екенін айтты. Алайда, ол үшін «ГласкоСмитКлайннан» рұқсат алу керек екен. Компания рұқсат берген жоқ. Сол себептен біз оны 118 долларға алуға мәжбүрміз. Бізде енді оларды сотқа беріп, лицензиясын алып қоюға мүмкіндік бар. Егер сотта ұтсақ, келешекте дәріні 5 долларға алып, қолданушылар санын ұлғайтуға тырысамыз.  

– Соңғы сұрақ. Қазақстанда мемлекет тарапынан қандай дәрілер тегін таратылады?

– «Амбулаториялық емдеуде – 47, нозология бойынша 499 дәрі жеткізіледі. Оның 45 атауын «СК-Фармация» қатамасыз етіп келеді. Біз оны барлық өңірлерге жеткіземіз. Жалпы алғанда, мемлекет науқастарды 116 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтасыз етіп жатыр.

Нұржан Сәдірбай, Алматы теларнасы.

Новости партнеров