Демалыс күндері Алматыда күн ашық болады

Фото unikaz.asia
Фото unikaz.asia
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алайда, келер апта басында қайтадан жауын жауып, ауа райы қолайсыз болады деп хабарлайды «Қазгидрометке» РМК синоптиктері.

«Алдағы күндері Алматы қаласының аумағында ауа райы тұрақсыз болды. Демалыс күндері күн ашық, ауа температурасы түнде 7-9 градус нөлден жоғары, ал, күндіз 18-20 градусқа дейін көтеріледі. Содан соң 30 сәуір мен 1-2 мамыр аралығында жауын-шашын қайталанады деп күтілуде. Бұл күндері қала аймағында қалың тұман түсіп, найзағай ойнауы мүмкін және желдің жылдамдығы 8 м/с дейін көтеріледі. Ал ауаның температурасы түнде 5-7 градусқа дейін суып, күндіз 16-18 градус нөлден жоғары болады. Алматы қаласына қарағанда таулы аймақтарда ауа температурасы 2-3 градусқа төмен болуы ықтимал», – дейді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы  филиалының инженер-синоптигі  Гүлтаңсық МЕДЕУОВА.

Новости партнеров