АҚШ екінші екпені қажет етпейтін вакцинаны енгізуге дайын

YouTube
YouTube
Өндірушілер мақұлданса, сәуірге дейін 20 миллион доза шығаратынын айтып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдегі ахуал. АҚШ екінші екпені қажет етпейтін вакцинаны енгізуге дайын. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, Джонсон энд Джонсон шығарған препарат коронавирустың ауыр формасының алдын алады, депхабарлайды Almaty.tv.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа вакцина Файзер мен Мадерна дәрі-дәрмектерінің бюджеттік баламасы, өйткені оны кәдімгі тоңазытқышта сақтауға болады. Өндірушілер мақұлданса, сәуірге дейін 20 миллион доза шығаратынын айтып отыр. 

Ал, Бельгия  бұғаттауды сәуірге дейін ұзартатынын жариялады. Билік басшысы Ян Джамбонның айтуынша, елде covid-19-дың мутациясы өршіп тұр, бұл бастапқы вирусқа қарағанда 50%-ға тез тарайды. 

Демек, пандемияны жеңілдету оның үшінші толқынына әкелуі мүмкін. Грузия болса шектеулерді жеңілдетті. Алдымен онда тау шаңғысы курорттарындағы қонақүйлер ашылады. Сонымен бірге 8 наурыздан бастап елдегі мейрамханалар, сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істей бастайды.

Новости партнеров