Алматы облысында санитарлық бекетте мас жүргізуші ұсталды

polisia.kz
polisia.kz
Заңға қайшы әрекеті үшін оған 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға жүргізу құқығынан айыру түріндегі қатаң жаза қолданылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы санитарлық бекетте мас күйдегі көлік жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуір күні түнгі 01-00 шамасында Ескелді ауданының тәртіп сақшылары ТЖ тәртібінде қойылған санитарлық бекеттен аудан орталығына қарай өтуге тырысқан “Volkswagen Passat” көлігін тоқтатқан. Әрекеті күмән тудырған көлік жүргізушісін медициналық тексеру барысында оның ішімдік ішкені анықталды.

“Бұл сорақы жағдай осы бекет жұмысын бастағанда-ақ тіркелді. Тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері санитарлық қызметті жүргізудің алғашқы сағатында жол жүру ережесін өрескел бұзушы ұсталды. Темір тұлпар иесінің құжаттарын тексеру барысында спирттің иісі мүңкіп, күдік тудырған. Бекеттегі медицина қызметкерлері оқиға орнында оның масаң күйде екенін дәлелдеді”,- деді Ескелді ауданы Полиция бөлімінің басшысы Ернар Ширбаев.

Көлік иесі медициналық куәландырудан өтіп, нәтижесінде оның орта дәрежеде мас екені анықталды. Ер адам бірден медициналық айықтырғышқа жеткізілді. Қолданыстағы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес 34 жастағы ер адамға әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды. Заңға қайшы әрекеті үшін оған 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға жүргізу құқығынан айыру түріндегі қатаң жаза қолданылуы мүмкін.

Новости партнеров