|
28.08.2020 | 09:43
1237

Еуропа елдерінде оқу жылы қалай басталады

Испанияда алты жастан асқан оқушылар сабаққа маска киіп барады

Еуропа елдерінде оқу жылы қалай басталады  inform.kz

Испанияда алты жастан асқан оқушылар сабаққа маска киіп барады. Бұл шара бейсенбі күні Мадрид және өңірлік билік арасында келісіліп, елдің барлық автономдық қоғамдастықтарында енгізіліп отыр. Соңғы тәулік ішінде Испанияда ауру жұқтырудың 7300-ге жуық жаңа оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Францияда оқу жылы уақтылы басталады, бірақ жоғары сынып оқушылары маска киюге міндетті болады. Бұл режим 11 мен 18 жас аралығындағы оқушыларға қатысты. Елде коронавирустың таралуына қатысты жағдай айтарлықтай нашарлаған. Соңғы тәулікте медициналық қызметтер ауру жұқтырудың 6 мыңнан астам жаңа оқиғасын анықтады. Департаменттердің бестен бір бөлігі Covid-19 таралуының «қызыл аймағына» ауыстырылған. Париж билігі қаланың барлық жерлерінде қорғаныс маскаларын тағуды міндеттеу шешімін қабылдаған. 

Германияның көптеген мектептері ашылды. Берлинде 820-дан астам мектептің 41-інде ауру жұқтыру оқиғалары анықталған. Бүкіл ел бойынша мыңдаған оқушы отбасылық мерекелердің инфекцияның таралу ошағына айналған соң карантинге жабылды. Федералдық үкімет мен өңірлік билік қорғаныс маскасын кимеген азаматтарға 50 еуро көлемінде айыппұл салуды енгізу туралы келіскен. Соңғы тәулікте Германияда 1 507 адам ауру жұқтырды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир