Бірқатар министр оқшаулану режимінен шықты

Tengrinews.kz
Tengrinews.kz
Олардың барлығында коронавирус диагнозы нақтыланбады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирусқа бірнеше рет тапсырған тест нәтижесі теріс болғандықтан Қазақстанның үш министрі карантиннен босады, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Өз-өзін оқшаулаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирусқа қарсы бірнеше рет тест тапсырды. Барлығынан COVID-19 диагнозы расталмады. Енді министрлер әдеттегідей кесте бойынша жұмыс істеуге кіріседі », – деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Садық Әкіжанов.

Қазір Үкіметтің барлық отырыстары мен мәжілістері селекторлық режимде өтіп жатыр.

Үкімет ғимаратында және министрліктер үйінде санитарлық режим, қауіпсіздік шаралары күшейтілді, қызметкерлердің 80% -ы қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

Новости партнеров