Елордаға келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды
tengrinews.kz
Дене қызуы жоғары жолаушылар болмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
6 қазанда Нұр-Сұлтанға келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Елге қайтып келген 170 жолаушының ПТР-тесті болмаған.
«Бүгін Нұр-Сұлтанның әуежайында белгілі әуекомпанияларының рейстері келді, барлығы 478 жолаушы және 28 экипаж мүшесі. 170 жолаушыда ПТР-тестінің мерзімі өтіп кеткен не мүлде болмаған, олар қонақ үйлердегі стационарларға жатқызылды. Дене қызуы жоғары жолаушылар болмады. ПТР-тестінен өткен соң жолаушылар үйіне жіберіледі, егер олардың нәтижесі оң болса, олар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі», – делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
20.09.2026 17:09
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53