Елордаға келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды

06.10.2020 15:50

Дене қызуы жоғары жолаушылар болмады

tengrinews.kz

6 қазанда Нұр-Сұлтанға келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Елге қайтып келген 170 жолаушының ПТР-тесті болмаған.

«Бүгін Нұр-Сұлтанның әуежайында белгілі әуекомпанияларының рейстері келді, барлығы 478 жолаушы және 28 экипаж мүшесі. 170 жолаушыда ПТР-тестінің мерзімі өтіп кеткен не мүлде болмаған, олар қонақ үйлердегі стационарларға жатқызылды. Дене қызуы жоғары жолаушылар болмады. ПТР-тестінен өткен соң жолаушылар үйіне жіберіледі, егер олардың нәтижесі оң болса, олар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі», – делінген хабарламада.