Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев жексенбіде коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, коронавирус Өзбекстанда алғаш рет наурызда анықталған болатын. Ал жексенбіде науқастардың саны 51 235-ке жетті. Коронавирустан барлығы 429 науқас қайтыс болды.
Тамыз айында жаңа жағдайлардың саны күніне 600-700-ден 200-300-ге дейін азайды. Алайда қыркүйек айында динамика қайтадан өсті.
«Уктам Исаевич Барноев бүгін 56 жасында коронавирус тудырған асқынулардан қайтыс болды», – деді елдің министрлер еабинеті жанындағы оперштаб өкілі.
Барноев осы жылдың ақпан айында Өзбекстандағы аграрлық және азық-түлік секторларын басқаратын вице-премьер лауазымына тағайындалған еді. Бұған дейін ол Республиканың Бұхара облысын басқарған болатын.