Әлемдегі коронавирус: Еуропа елдері шекараларын жауып жатыр

euronews.com
euronews.com
Ұлыбританияда үйдегі сауық кештеріне жиналғаны үшін жаңа айыппұлдар салына бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Франция өз шекараларын қайта жауып жатыр. Жексенбіден бастап елден Еуроодақ сыртына шығуға және одан кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұдан басқа, барлық сауда орталықтары мен ірі дүкендердің жұмысы тоқтатылуда, қалғандарында іште бір уақытта жүре алатын сатып алушылардың максималды санына қайта шектеу енгізіліп жатыр. Парижде статистиканың нашар емес екенін, бірақ вирустың жаңа штаммдарының таралуы алаңдаушылық тудыртып отырғанын айтады. Ел министрлерінің мәлімдемелері бойынша шектеу шаралары әзірге жаңа локдаунды болдырмауға мүмкіндік береді.

Жұма күні Ұлыбританияда үйдегі сауық кештеріне жиналғаны үшін жаңа айыппұлдар салына бастады. Енді үйде 15 адамнан көп жиналғаны үшін 800 фунт көлемінде айыппұл төленеді. Бұл ретте тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл көлемі де екі еселенеді.

Германияда федералдық үкімет елге Бразилия, Ұлыбритания, Ирландия, Португалия және ОАР-нан кіруге шектеу енгізуге келісті: бұл мемлекеттерде коронавирустың жаңа штаммдары таралған. Берлин де статистиканы бұзғысы келмейтінін мәлімдеп отыр: қазіргі кезде елде ауру жұқтырғандардың үлесі – бір миллион адамға шаққанда 944 адам, бұл қазан айынан бері ең төменгі көрсеткіш.

Норвегияда корольдікте тұрмайтындардың барлығы үшін шекаралар жабылып жатыр. Бұл тізімге медициналық қызметкерлер мен тауар жеткізушілер ғана кірмейді. Бұған дейін ел астанасы Осло қаласы мен оның маңындағы бірнеше ауданда қатаң карантин енгізілген.


Новости партнеров