Қырғызстанда тағы үш адамнан коронавирус табылды

20.03.2020 в 16:18

Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев хабарлады

Sputnik / Виталий Белоусов

Қырғызстанда тағы үш адамнан коронавирус табылды. Үшеуі де Ноокат ауданының тұрғындары. Олар Сауд Арабиясынан кіші қажылықтан оралған, деп хабарлайды zhasalash.kz.

Бұл туралы 20 наурызда Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев хабарлады. Осылайша елде вирус жұқтырғандар саны алтыға жетті.

Қырғызстанда 18 наурызда алғаш рет үш адамнан коронавирус табылған еді. Сауд Арабиясынан келген ұшақ бортында 144 адам болған. Олардың 142-і оқшауланған. Алғашқы үш адам анықталғаннан кейін елде төтенше жағдай енгізілді. Коронавирус әлемнің шамамен 160 елінен табылған. Әлем бойынша вирусты жұқтырғандар саны 230 мыңнан асты. Он мыңға жуығы қайтыс болған. 86 мыңнан астам науқас айыққан.

Коронавирус жұқтырған әйел ауру кезіндегі сезімдері туралы айтты

Италияда коронавирустан 3405 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус туралы сайт іске қосылды