|
23.01.2021 | 11:52
2721

Билл Гейтс COVID-19 вакцинасын салдырды

Б. Гейтс COVID-19 қарсы екпені жасаған ғалымдарға, оған атсалысқан медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді

Билл Гейтс COVID-19 вакцинасын салдырды esquire.kz

Microsoft компаниясының негізін қалаушы, мультимиллиардер, филантроп Билл Гейтс коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Б. Гейтс COVID-19 қарсы екпені жасаған ғалымдарға, оған атсалысқан медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«65 жаста болғанның артықшылығы, өз қалауыңмен ковидке қарсы вакцина алуға құқығың болады. Осы аптада екпенің алғашқы дозасын алдым және денсаулығым жақсы. Бізді осы сәтке әкелген барлық ғалымдарға, сынақ қатысушыларына, реттеуші органдарға және алдыңғы қатарлы дәрігерлерге рахмет», – деп жазды Гейтс Twitter-де.

Алайда, миллиардер нақты қай вакцина алғанын айтпады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир