Елімізге келген авиажолаушылардың 82%-дан астамында ПТР анықтамасы болған деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 2 734 әуе жолаушының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 253 адам, анықтамасыз 481 адам келді. Олардың барлығы ҚР азаматтары.
Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 639 жолаушы, анықтамамен - 1 402, анықтамасыз - 237; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 059 жолаушы, анықтамамен - 815; анықтамасыз - 244; Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 30 жолаушы анықтамамен келген. Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР тест тапсырды және карантиндік стационарда нәтиже шыққанша күтті.
Айта кетерлігі, 12 желтоқсанда анықтамасыз келген 243 адамның ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсетті.