|
17.03.2020 | 13:27
7246

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 27-ге жетті

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі хабарлады

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 27-ге жетті Governor Tom Wolf

Қазақстанда тағы он төрт адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді Нұр-Сұлтан қаласында 14 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Алматыда бүгін таңертең қосымша 3 науқас тіркелгені туралы ақпарат жеткізілді. Нұр-Сұлтан қаласында жаңа 14 науқас тіркелді. Ол науқастар барлық карантиндік тәртіп бойынша карантинге жатқызылды. Байланыста болған азаматтармен жұмыс жүргізілді", –  деді денсаулық сақтау министрі Біртанов.

 Сондай-ақ, министр өз сөзінде Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енгендігін айтты. 

"Бүгін Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енді. Қаулы бойынша қосымша бірнеше мемлекетпен санитарлық режим күшейтілді. 1"А" санатындағы елден келген бүкіл азамат карантинге жатқызылады. Оған Франция, Иран, Италия, Испания және Германия кіреді. 1"Б" санатындағы Қытай, Кореядан келген азаматтар міндетті түрде үй жағдайындағы карантинге алынады. 1"А" және 1"Б" санатындағы мемлекеттердің азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынған", –  деді министр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир