|
28.02.2020 | 12:56
2540

Коронавирус әлемнің 46 елінде тіркелді

Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша вирусты жұқтырғандар саны 3664 адамға жетіп, 57 адам көз жұмған

Коронавирус әлемнің 46 елінде тіркелді expert.ru

Коронавсирус әлемнің 46 елінде тіркелді. Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша вирусты жұқтырғандар саны 3664 адамға жетіп, 57 адам көз жұмған, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Ал Қытайдағы коронавирус құрбандарының саны 2788 адам.  Осы елдің Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, 31 провинция мен орталыққа бағынышты қалаларда 78 мың 824 коронавирустың жаңа түрін жұқтыру фактілері расталған. Бүгінде 40 мыңға жуық адам ауырып жатыр. Олардың 8 мыңға жуығының жағдайы ауыр болса, 36 мың 117 адам қаупіті дерттен сауығып кеткен. Мұнымен қатар,  Қытай елінде короновирусты жұқтыру деректерінің едәуір азайғаны байқалады. Соңғы тәулікте қорқынышты диагноз 327 адамнан ғана расталған. Десек те қауіпті індеттің басқа мемлекеттерге таралу қарқынының үдеп бара жатқаны адамзатты қатты алаңдатып отыр. 10 науқас тіркелген Германия эпидемия жариялап отыр. Қауіпті вирус кеше Бразилияда да анықталып, АҚШ-та оны жұқтырғандардың саны 60 адамға дейін өскен.

Германияда коронавирус індеті басталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир