Германияда коронавирус індеті басталды. Бұл туралы аталған елдің Денсаулық сақтау министрі Йенс Спан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Министрдің айтуынша, коронавирусты жұқтырғандарды тез арада анықтау қиынға соққан, сондықтан індетпен күресудің қазіргі стратегиясы оның таралуын шектей ме, жоқ па белгісіз. Соңғы бірнеше күн ішінде бұл елде 10 адам – Баден-Вюртембергте 4 және Солтүстік Рейн-Вестфалияда 5 адам қатерлі вирусты жұқтырған. Қазіргі уақытта коронавирустық індеттің жаңа түрі бүкіл Еуропада тез таралуда. Аурудың алғашқы жағдайлары Австрия, Дания, Эстония, Хорватия, Швейцария, Греция Испания мен Румыния, Македония, Финляндия, Бразилияда да тіркеліп үлгерген. Әзірге Египет қана демалу үшін қауіпсіз аймақ болып саналуда. Сондай-ақ, вирусты жұқтырудан қорыққан туристер өзге елдерге қатынауды доғара бастаған. Мәселен, Қазақстанға келуді жоспарлаған 3000 шетелдік турист Нұр-Сұлтанға ұшып келуден бас тартыпты. Осы орайда еліміз туристік бизнес саласындағы қиын кезеңдерді бастан өткеруге мәжбүр. Қытайға, әсіресе, Хайнаньға ұшуға тыйым салған жағдайда, елдегі турагенттіктер 17 мыңға жуық тұтынушыны жоғалтуы мүмкін екен.