Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 38 миллионнан асты

astons.com
astons.com
Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

COVID-19 індетінің пандемиясы басталғалы әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 38 миллионнан асты. Бұл Джонс Хопкинс университетінің мәлімдемесі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төрт күн бұрын ғана індет жұқтырғандар саны 37 млн болатын. Індетті ең көп жұқтырғандар  АҚШ, Индия және Бразилияда тіркелді. Ал, Бельгияда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды шаралар қолға алынды. Брюссель қаласында сырахана, барлар қайта жабылды. Жаздың аяғына қарай індет жұқтырғандар азайған соң, Бельгияда барлардың жұмыс режимі жеңілдетілген болатын. Олардың иелері ғимаратты желдету және басқа да сақтық шараларын едәуір күшейткен еді. Алайда бұл шаралар қала халқының қауіпсіздігі үшін жеткіліксіз болып тұр. Медициналық қоғам профессоры Габриэль Скалли Covid-19 таралуына жол бермеу үшін барлардың ішін жақсы желдетіп отыру қажет деп санайды.

«Егер біреу жабық бөлмеде темекі шексе, оның түтіні барлық жерге таралады ғой. Вирустың таралуы да сондай, сондықтан желдету мәселесі өте маңызды», – дейді профессор.  Ал Тбилисиде ұзақ карантиннен кейін бала бақшалар қайта жұмыс істей бастады. Бірақ қазіргі талаптар мүлде өзгеше, олар бұрынғыдан әлдеқайда қатаңдатылған. Грузия елінің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пандемиясы жағдайында бүлдіршіндердің бөбекжайға бару ережелерін бекітті. Тәртіпке сәйкес, ата-аналарды балабақшаға кіргізбейді. Кіреберістен балғынды тәрбиешілер өздері алып кетеді. Ішке кіргенде бала термоскринингтен, дезинфекциядан өтеді. Бөбекжай бөлмелері әрбір 2 сағат сайын желдетіліп тұруы тиіс. Ал тәрбиешілердіғң барлығы бетперде тағуға міндеттеледі.

Новости партнеров