Шымкентте коронавирус белгілерімен 30 адам тіркелді
Фото: ашық дереккөзден
Бүгінде қалада COVID-19 инфекциясымен жалпы 1022 адам анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 30 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 16 әйел адамнан, 12 ер адамнан және 2 баладан анықталды. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.
Бүгінгі таңда қалада COVID-19 коронавирус инфекциясымен жалпы 1022 адам анықталды, олардың ішінде 448-і жазылып шыққан.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33