|
01.10.2020 | 13:24
3576

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 308 адам ем қабылдап жатыр

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды открытые источники

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Коронавирустан 3 адам, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмған. 


Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 308 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 59 өскіншек бала бар.


Стационарларда 1 813 науқас жатыр. 1 495 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир