|
06.10.2020 | 13:31
949

Нұр-Сұлтандағы карантин стационары шетелден келген жолаушыларды қабылдай бастады

Мұндай шаралар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ

Нұр-Сұлтандағы карантин стационары шетелден келген жолаушыларды қабылдай бастады  Фото: ашық дереккөзден

Бүгінде халықаралық рейстермен елордаға келген 150 жолаушы белгілі қонақ үйдегі карантин стационарына оқшаулауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қазанның 5-інен 6-сына қараған түнде елордаға шетелден 4 рейс, атап айтқанда 2 ұшақ Біріккен Араб Әмірлігінен, 2 ұшақ Түркия Республикасынан келіп қонды. Барлығы 483 адам шетелден ұшып келді. Оның 333-інде COVID-19 тестінен өткені туралы анықтамасы болды. 20 жолаушының теріс нәтиже көрсеткен смс хабарламасы кейін келді. Қалған 150 адам әуежайдан ауруханаға жеткізіліп, ПТР арқылы зертханалық зерттеулерден өтті, денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық. 

«Мұндай шаралар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Көктемде біз шетелден келетін жолаушыларды карантин стационарларына орналастырып, сараптама жүргіздік. Сондықтан, бұл бағытта елорданың денсаулық сақтау саласы толық дайын. Жалпы, халықаралық рейстер жолаушыларына 800 төсек-орын ұйымдастыруға дайынбыз», – дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова. 

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қазандағы қаулысына сәйкес, дене температурасы жоғары адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады. COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады, теріс нәтижесі барларға COVID-19 белгілері туралы түсіндірме жүргізіліп, үйге жіберіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир